I Николай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

I Николай
Николай Павлович Романов
I Николай
Лауазымы
Ту
Ту
Бүкілресейлік император
1 желтоқсан 18252 наурыз 1855
Ізашары I Александр
Ізбасары II Александр
Ту
Ту
Польша патшасы
1 желтоқсан 18252 наурыз 1855
Ізашары I Александр
Ізбасары II Александр
Ту
Ту
Финляндық ұлы князь
1 желтоқсан 18252 наурыз 1855
Ізашары I Александр
Ізбасары II Александр
Өмірбаяны
Діні Православие
Дүниеге келуі 6 шілде 1796 (1796-07-06)
Царское село,
Ресей империясы
Қайтыс болуы 2 наурыз 1855 (1855-03-02) (58 жас)
Санкт-Петербург,
Ресей империясы
Жерленді Петропавл соборы,
Санкт-Петербург
Әкесі I Павел
Анасы Мария Федоровна
Жұбайы Александра Федоровна
Балалары Ұлдары:
II Александр
Константин
Николай
Михаил
Қыздары:
Мария
Ольга
Александра
I Николай Ортаққорда

I Николай (орыс. Николай I; 6 шілде 1796 жыл2 наурыз 1855 жыл) — 11-ші Бүкілреселік император.

I Николай 1796 жылы Царское Селода дүниеге келді. Әкесі I Павел және ағасы I Александр I Николайға дейін бүкілресейлік императорлар болған, яғни оның ізашарлары болды.

Билеген жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ағасы I Александрдың кенеттен қайтыс болуына байланысты таққа отырып, билігін декабристер көтерілісін басып-жаншудан және оның басшыларын жазалаудан бастады. I Николай билік еткен кезде Ресейдегі шексіз монархия өзінің шарықтау шегіне жетті. Бюрократтық аппарат пен оның орталықтануы күшейе түсті. Құпия саяси полиция басқармасы — "Үшінші бөлім" құрылды. 1835 жылы "Ресей империясы заңдарының жинағы" атты кодекс құрастырылды. Халық ағарту саласында дворяндарға артықшылық жағдайын жасаған, сословиелік бөлінуді қатаң қағидамен жүзеге асыратын заңдар қабылданды. Әдебиетке мемлекеттік бақылау күшейтілді. Ресейдің озық ойлы қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшырады. I Николай төңкерісшіл ұйымдарды талқандап, ұлт-азаттық қозғалыстарды (Шәміл бастаған тау халықтарының көтерілісі, 18301831 жылдары поляк көтерілістері, Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс пен басқа көтерілістерді) қатал басты. Өзге ұлттарды орыстандыру мен шоқындыру күшейтілді. Сыртқы саясаттағы басты бағыт — Шығыс мәселесі болып, ол Қырым соғысының басталуына әкеп соқты. I Николай Еуропадағы төңкерістік қозғалысқа қарсы күресті. 1848 жылы Франциямен мәмілегерлік қарым-қатынасты үзіп, Мажарстанда болған 18481849 жылдардағы төңкерісті қатал түрде басты. Қазақстан мен Орта Азиядан жаңа жерлер басып алу саясатын жүргізді.

Қырым соғысындағы жеңіліс I Николайдың саяси жүйесінің күйреуіне және оның өліміне әкеп соқты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]