Қытай Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Қытайдың атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган — Қытай Футбол Қауымдастығы. АФК және ФИФА мүшесі. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
- Азия кубогының күміс жүлдегері (2): 1984, 2004
- Азия кубогының қола жүлдегері (2): 1976, 1992
- Азия ойындарының күміс жүлдегері (1): 1994
- Азия ойындарының қола жүлдегері (2): 1978, 1998
- Әлем чемпионатының қатысушысы: 2002
Азия чемпионатына 11 рет қатысқан. Алғаш рет 1976 жылы қатысып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Иранмен 90 минут бойы тең айқасып, қосымша таймдарда екі доп жіберіп алды - 0:2. Үшінші орын үшін ойында Иракты 1:0 есебімен ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Ху Чайоу соқты.
1984 жылғы Азия чемпионатында финалға жетіп, Сауд Арабиясынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы табысын 2004 жылы қайталады. Өз алаңында өткен чемпионатта финалда Жапонияға есе жіберді - 1:3.
2017 жылы Аустралияда өткен әзірше соңғы турнирде 1/4 финалда алаң иелерінен 0:2 есебімен ұтылып қалды.
16 желтоқсан, 1984 |
|
«Ұлттық стадион», Сингапур Көрермендер саны: 26 000 Төреші: Сидзуо Такада |
|
7 тамыз, 2004 |
Қытай |
1-3 |
Жапония |
Ли Мин 31 |
Голдар |
Фукуниши 22 Коджи Наката 66 Тамада 90+1 |
|
«Пролетарий», Пекин Көрермендер саны: 62 000 Төреші: Саад аль-Фадли |
|
2002 жылы тұңғыш рет Әлем чемпионатына қатысып, Түркия, Бразилия, Коста-Рика футболшыларымен "С" тобында ойнады. Үш ойында 9 гол жіберіп, өздері бір доп та енгізе алмады. Нәтижесінде бір ұпай да олжалай алмай, соңғы орында қалды. Кейін Бразилия алтын жүлдені, Түркия қола жүлдені иемденді.
О
|
Команда
|
О
|
Жңс
|
Т
|
Жңлс
|
Голдар
|
±
|
Ұ
|
1
|
Бразилия
|
3
|
3
|
0
|
0
|
11 − 3
|
+8
|
9
|
2
|
Түркия
|
3
|
1
|
1
|
1
|
5 − 3
|
+2
|
4
|
3
|
Коста-Рика
|
3
|
1
|
1
|
1
|
5 − 6
|
−1
|
4
|
4
|
Қытай
|
3
|
0
|
0
|
3
|
0 − 9
|
−9
|
0
|