Уранинит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Уранинитоксидтер класына жататын минерал.

Химиялық формуласы UO2. Сингониясы — текшелік, кристалдары — текше, агрегаттары — колломорфты бүйрек тәізді сауыстар, ұнтақ массалар. Түсі — қара, сызығы қоңырлау қара, жылтырлығы — шала металдай, шайырдай; қаттылығы — 5—6, меншікті салмағы — 10,3-10,6. Уранинит граниттік, сиениттік пегматиттерде, гидротермалык кендерде, тотықтану белдемдерінде кездеседі. Уранинитт — уран мен радийдің кені.[1]

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ерте замандарда күміс кендерін қазғанда кездескен уранинит минералдарын сары, күрең, қара бояу ретінде ғана қолданып келген болатын. Оның радиоактивтік қасиетін білгеннен бері, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, оны өте құнды зат түрінде пайдаланады. Онан алынатын радий мен уран көп жерлерде (медицинада; атомдық энергия алуда тағы басқа) қолданылады.

Уранинит кендері онша көп емес. Ол басқа металл]кендерінің ішінде аралас кездеседі. Оның дербес кендері Канадада, Катангада (Конгода) бар.

Бір ескеретін жағдай: уран тотықтары кеп кендерде басқа компоненттермен қосылған күрделі минералдар құрайды. Оларды уранинит минералы деп қарауға болмайды. Бірақ уран, радий, торий элементтері сол күрделі минералдардан айрылып алынады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69