Университет (лат. unіversіtas – жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы Университет XII ғ-да Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш Университет – Мәскеу университеті (1755), байырғы Университеттерге Львов (1661, алғашында поляк королі академия ретінде құрған), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазан (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орталық Азияда 1920 ж. Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ (1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті (1972) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және жекеменшік Университеттер бар.
- Гарвард университеті(1636 жылы бой көтерген)
- Принстондық университет
- Колумбиялық университет
- Нотр-Дамдық университет
«Quacquarelli Symonds (QS)» британдық компаниясының әлемдік рейтингі 350-ден астам университеттің жұмысын ескерді. Осы рейтингке Қазақстан Республикасының 24 университеті кірді, олар келесі орындарды иеленді:
- 18 орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ);
- 51 орын - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ);
- 73 орын - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (қазіргі Сәтбаев университеті);
- 94 орын - Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ);
- 97 орын - Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ).
- Қазақ-неміс университеті
- Алматы энергетика және байланыс университеті
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
- ҚазҰУ оларды. Әл-Фараби
- ҚазЭУ оларды. Т.Рысқұлова
- Атындағы ҚазҰТУ Сатпаева
- Халықаралық бизнес академиясы
- Оларды ҚазҰПУ. Абай
- Тұран
- Халықаралық бизнес университеті