«Трансильвания қонақ үйі» (ағылш. Hotel Transylvania) — 2012 жылы жарық көрген режиссер Генди Тартаковскийдің анимациалық 3D-да шыққан мультфильмі. «Sony Pictures Animation» студиясымен жасалып, «Sony Pictures Releasing» кинокомпаниясымен шықты.
Граф Дракула өзіне және қызына арнап бөгделер көзіне түспейтін қонақ үй салады. Ол жерде бүкіл әлемнің құбыжықтары үшін келіп демалуға барлық жағдай жасалған. Алайда туристер бұл жерде де құбыжықтарға тыныштық бермейді.