Стивен Гровер Кливленд (ағылшын. Stephen Grover Cleveland, бірінші есімін пайдаланбады; 18 наурыз 1837, Колдуэлл, Нью-Джерси штаты — 24 маусым 1908, Принстон, Нью-Джерси штаты) — АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері.
Бір орында екі рет иеленіп, Президенттер тізімінде сәйкесінше екі нөмірлеуді иеленген (1885—1889, 22-шi президент, және 1893—1897, 24-шi президент) АҚШ-тың жалғыз Президенті. Кливлент, сонымен қатар, 1860-1912 жылдар аралығында республикалықтардың толық иелігі мерзімінде сайланған Демократиялық партияның жалғыз президенті болды.
Нью-Йоркте қорғаушы болды, кейін саяси шешендігімен ерекшеленіп, қатты қиындықты бастан өткерсе де Демократиялық партияға жол тартты.[1]
Кливленд портретімен 1928 жылы шыққан 1000 долларлық ақша. (қазір айналымнан шыққан)
1884 жылы демократиялық партия оның кандидаттығын президенттік орынға ұсынды және дауысты көп жиып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Осыдан кейін республикалық партия Кливлендтан артық Блэннан басқа адал қарсылас таба алмады.
Кливленнің алғашқы сайлауында некесіз дүниеге алып келген екі баласы туралы екі ұшты әңгімелер белең алды (Кейін ағылшын тіліндегі ағылш. Ma, Ma, where's my Pa? Gone to the White House, ha ha ha өлеңінің туылуына себеп болды). Сайлаудан кейін бойдақ Кливленд Ақ үйдің үлкен шаруашылығына күші келмей, Флоренс Фолске (1886) уйленді; президент қызметі кезінде некеге отырған (Тайлерден кейінгі) екінші, ал Ақ үйде үйлену салтанатын жасаған бірінші президент болды.
Гровер Кливленд. 1899. Суретші Андрес Цорн
- King, «Life and public services of Grover Cleveland» (Нью-Йорк, 1885);
- Parker, «The writings and speeches of Grover C.» (Нью-Йорк, 1892).
- ↑ Jeffers, 34; Nevins, 61-62