Шытырман оқиғалы фильм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шытырман оқиғалы фильм (Авантюралық фильм) — оқиға желісі шиеленіскен фильм жанрларының бірі. Әдебиеттегі шытырман оқиғалы романдарға негізделеді. Атыс-шабыс фильмнен айырмашылығы шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлер көбіне күш қолданудың орнына, қарсыласын алдап-арбап өзінің тапқырлығына сүйенеді. Шытырман оқиғалы фильмдерде кейіпкерлерге қиындықтан шығу үшін небір жолдарды ойлап табу мақсаты қойылған. Бұл жанрдағы фильмдердің жақсылықпен аяқталу ықтималдығы жоғары.

Кіші жанрлар мен түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шытырман оқиғалы фильмдер 8 кіші жанрға бөлінеді: костюмирленген шытырман оқиға, отбасылық фильм, фэнтези, романтика, теңіздегі шытырман оқиға, ғарыштағы саяхат, баскесердің бастан кешкендері, әскери оқиғалар. Шытырман оқиғалы фильмдердің жанрларына жатады:

  • Гангстерлік фильм - мылқау фильмдердің жойылып, дыбысты кинофильмдердің шыға бастаған кезінде пайда болып, Америкада дамыды. Бұл фильмдерге заң өкілдерінің қылмыскерлерден мықты екенін көрсету мақсаты қойылған. Мысалға: Джозеф фон Штербергтің «Подполье» (1927), Уильям Уэллманның «Враг общества» (1931), Говард Хоукстың «Лицо со шрамом» (1932) фильмі және 1983 жылғы ремейк, «Маленький Цезарь» (1931), «Я — беглый каторжник» (1932) фильмдері. Соғыстан кейінгі жылдары гангстерлік фильмдер қайтадан түсіріле бастайды. Гангстерлерлердің образы романтизациялана түседі. Мысалға, Артур Пеннің «Бонни және Клайд» фильмі (1967), Френсис Копполдың «Өкіл әке» триллогиясы (1972—1990).
  • Полицейлік фильмдер - 1930 жылдары гангстерлік фильмдердің орнын басады. Мысалға: Джон Хьюстонның «Джимены» (1935), «Мальтийский сокол» (1941) фильмдері, Говард Хоукстың «Глубокий сон» (1946) фильмдері.
  • Плащ пен шпага фильмдері (егер оқиға Еуропада орын алса). Мысалға: «Граф Монте-Кристо» (1954), «Орфей» (1950).
  • Вестерн (егер оқиға Жабайы Батыста орын алса). Мысалға: «Большое ограбление поезда» (1903).
  • Фильм-катастрофа және т.б.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Alternative Scriptwriting: Successfully Breaking the Rules — 4th. — New York: Focal Press. — P. 91. — ISBN 9780240808499.
  2. Slow Learner — Boston: Little, Brown and Company. — ISBN 1101594616.