Шикізат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шикізат

  1. бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;
  2. табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.

Бірнеше түрлері сараланады:

Шикізатты комплексті пайдалану

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шикізатты комплексті пайдалану - минералдық шикізат құрамындағы барлық пайдалы компоненттерді және өндіріс қалдықтарыны технологиялық жағынан мүмкін болатындай етіп, экономикалық жағынан ұтымды әдістермен пайдаға асыру. Минералдық шикізаттар құрамы жөнінен негізінен бірнеше пайдалы компоненттерден тұрады, сондықтан оларды комлексті пайдаланудың мәні зор. Мысалы, темір рудаларында титан, ванадий, кобальт, күкірт, күміс, көмір кендерінде, колдедан күкірт, германит т.б жасауға болады. Минералдық шикізаттардың ішіндегі құрамы жағынан ең көп компонетті - түсті металл рудалары. Түсті металлургияда ең негізгі он бәр металдан, алюминий, мыс, никель, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, сынап, қалайы, сурьма, басқа ілеспе түрде алпыс түрлі компонент, оның ішінде асыл және сирек кездесетін металдар, платиноидтар және сирек кездесетін элементтер алынады.

Республикамыз шикізатты комплексті өндіру саласында жетекші орынды иеленеді. Түсті металлургия саласынан, әсіресе Өскемен және Балқаш кен орындары жоғары көрсеткішке жетті және жетеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-