1930-2014 жылдары өткен чемпионаттарда 836 матч өткізіліп, 2379 гол соғылса, соның 41-і автогол, яғни, 41 рет футболшылар өз қақпаларына байқаусызда гол соғып алған.
Алғашқы автогол 1930 жылы 16 шілдеде соғылыпты. Мексика — Чили матчында мексикалық Мануэль Росас байқаусызда өз қақпасына гол соғып алған. Бұл осы турнирдегі жалғыз автогол-тұғын. Келесі автогол 1938 жылы соғылды. Бұл жолы швейцариялық Эрнст Лорчер 1/8 финалда Германиямен ойында өз қақпасын «дәл көздеген».
41 автоголдың екеуі чемпионаттың беташар матчтарында соғылған. 1998 жылғы Бразилия — Шотландия кездесуінің 73-минутында британдық Том Бойд өз қақпасына доп соғып алса, 2014 жылы бразилиялық Марсело хорваттар үшін өз қақпасына гол енгізген.
Ең көп автогол 1998 жылы Францияда өткен чемпионатта соғылды (алты рет). Ал, 1934, 1958, 1962, 1990 жылдарғы әлем чемпионаттарында мүлде автогол соғылмаған.