Пхеньян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Пхеньян
кор. 평양직할시
Әкімшілігі
Ел

 КХДР

Статусы

Астана

Тарихы мен географиясы
Координаттары

39°01′48″ с. е. 125°43′48″ ш. б. / 39.03000° с. е. 125.73000° ш. б. / 39.03000; 125.73000 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°01′48″ с. е. 125°43′48″ ш. б. / 39.03000° с. е. 125.73000° ш. б. / 39.03000; 125.73000 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Вангомсон, Рюгён, Кисон,
Хвансон, Наннан, Согён,
Содо, Хогён, Чанан, Хэйдзё

Жер аумағы

315 км²

Орталығының биiктігі

29 м

Уақыт белдеуі

UTC+9:00

Тұрғындары
Тұрғыны

4 138 187 адам (2010)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+850 2 ххххххх

[[Сурет:|290px|Пхеньян картада]]
Пхеньян
Пхеньян

Пхеньян (кор. 평양?, 平壤?, Пёңяң) — Корей Халық Демократиялық Республикасының (Солтүстік Кореяның) астанасы. Пхеньян елдің әкімшілік, мәдени және тарихи орталығы болып табылады. "Пхенья́н" сөзі корей тілінде " кең жер", "жайлы орын" деген мағынаны білдіреді. 1946 жылы қала Пхёнан-Намдо шет аймағынан шығарылып, қаланың тікелей бағындырушылық мәртебесін алды, яғни провинцияның деңгейіндегі әкімшілік мәртебесі.

Хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңыз бойынша, Пхеньян б.з.д. 2334 жылы Вангомсон (кор. 왕검성?, 王儉城?) деген атаумен құрылған болатын. Кочосон ежелгі корей мемлекетінің астанасы болды. Алайда бұл уақыт кейбіреулердің есептеуі бойынша, біздің заманымыздың басында құрылған деген болжаммен дау туғызады.

Б.з.д.108 жылы Хань династиясы Кочосонды сол жерде бірнеше әскери округтерінің негізін қалап, жаулап алған болатын.Олардың бірінің астанасы Лолан округі заманауи Пхеньянның тұсында негізі қаланды. Лолан сол аймақта 313 жылы күш жинаған Когурё мемлекетінің басып алуына дейін басымдылық танытқан бірден-бір күш болды.

427 жылы ван Когуре мемлекеттің астанасын Пхеньянға ауыстырды. 668 жылы Силла корея мемлекеті қытайдың Тан династиясымен бірігіп, Когурені басып алды. Қала солтүстік көршісі Пархэмен шекаралас боп, Силланың құрамына кірді.Силланың орнына Корё династиясы келді. Бұл кезеңде Пхеньян өз ықпалын күшейтіп, Согён (서경; 西京; «Батыс астана»), деп аталды, алайда шынымен де Коренің астанасы Пхеньян ешқашан да болмаған еді.Чосон династиясының заманында провинцияның астанасы Пхенандо, ал 1896 жылдан бастап, Жапонияның отарлық басқыншылығына дейін провинция астанасы Пхёнан-Намдо болды.

1945 жылы Корея тәуелсіздігін алып, Пхеньян солтүстікте құрылған Корей жартылай аралындағы мемлекеттің КХДР уақытша астанасы болып, КСРО-ның ықпалында қалып қойды (тұрақты астана деп мемлекеттен "уақытша" алыстаған Сеул есептелді.) Корей соғысының кезінде әуе арқылы бомбылаудан қатты зардап шекті, 1950 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында БҰҰ әскерлері болған еді. Кеңес Одағының көмегімен соғыстан кейін қала тез арада қайта қалпына келтірілді.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Пхеньянның космостық суреті ( 2007ж. 22 тамыз, спутник LandSat-5)

Сары теңізге құятын Тэдонган (Тэдон) өзенінің жағалауында орналасқан.Провинция мәртебесімен жекеше әкімшілік бірлікті түзеді. Басқа өзен Потхонган қаласы арқылы өтеді.

Әкімшілік бөлініс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Чанван көшесі(Пхеньян).

Округа:

  • Мангёндэ-гуйок (кор. 만경대구역, 萬景台區域)
  • Моранбон-гуйок (모란봉구역, 牡丹峰區域)
  • Потхонган-гуйок (보통강구역, 普通江區域)
  • Пхёнчхон-гуйок (평천구역, 平川區域)
  • Ракран-гуйок (락랑구역, 樂浪區域)
  • Рёкпхо-гуйок (력포구역, 樂浪區域)
  • Рёнсон-гуйок (룡성구역, 龍城區域)
  • Садон-гуйок (사동구역, 寺洞區域)
  • Самсок-куйок (삼석구역, 三石區域)
  • Сонгё-гуйок (선교구역, 船橋區域)
  • Сосон-гуйок (서성구역, 西城區域)
  • Сунан-гуйок (순안구역, 順安區域)
  • Сынхо-гуйок (승호구역, 勝湖區域)
  • Тондэвон-гуйок (동대원구역, 東大院區域)
  • Тэдонган-гуйок (대동강구역, 大同江區域)
  • Тэсон-гуйок (대성구역, 大城區域)
  • Хёнджесан-гуйок (형제산구역, 兄弟山區域)
  • Чунгу-гуйок (중구역, 中區域)
  • Ынджон-гуйок (은정구역, 恩情區域)

Уезды:

  • Кандонгун (강동군, 江東郡)
  • Каннамгун (강남군, 江南郡)
  • Санвонгун (상원군, 祥原郡)
  • Чунхвагун (중화군, 中和郡)

Пхеньянда елдің алдыңғы қатарлы бірнеше Жоғрғы оқу орындары орналасқан:

Танымал тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туысқан қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Пхеньянда үш туысқан қала бар:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Андрей Ланьков: Северная Корея: вчера и сегодня. Восточная литература, Мәскеу, 1995
  • Guy Delisle: Pyongyang: A Journey in North Korea. Drawn & Quarterly, 2005, ISBN 1-896597-89-0 (ағыл.)
  • Chris Springer: Pyongyang: The Hidden History of the North Korean Capital. Saranda Books, 2003, ISBN 963-00-8104-0 (ағыл.)
  • Arno Maierbrugger: Nordkorea-Handbuch. Unterwegs in einem geheimnisvollen Land. Trescher, Berlin, 2004, ISBN 3-89794-039-6 (нем.)

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]