Гистидин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
"Гистидин"

Гистидин — жартылай алмасуға жататын аминқышқылы. Түгелге жуық белоктардан және көптеген биологиялық белсенді пептидтерден табылады. Гистаминнің қоры. Көп ферменттердің белсенді өзегінің құраманы кіреді.

Гистидин - молекулада имидазол қалдықтарының болуына байланысты негіздік қасиеті әлсіз, хош иісті болып келеді. Лизин және аргининмен қатар гистидин негізгі аминқышқылдар тобын құрайды. Түссіз кристалдар түзеді. Гистидиннің қалдығы көптеген ферменттердің белсенді орталықтарының бөлігі болып табылады. Гистидин - гистамин биосинтезінің ізашары. Тіндердің өсуіне және қалпына келуіне ықпал етеді. Ол гемоглобинде көп кездеседі. Ревматоидты артрит, жара және анемияны емдеуде қолданылады. Гистидиннің жетіспеуі есту қабілетін нашарлатуы мүмкін.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X