Бүргелі бақажапырақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Бүргелі бақажапырақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Двудольные
(unranked) Ясноткоцветные
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Подорожниковые
Тайпасы: Inuleae
Тегі: Подорожник
Түрі: Бүргелі бақажапырақ
Екі-есімді атауы
Бүргелі бақажапырақ

Бүргелі бақажапырақ - Бір жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 40 см-ге дейін. Сабағы күшті бұтақталған, тамырсабағы үлкен емес, үршық тәрізді болады. Жапырақтары ұзынша, түк басқан, қарама-қарсы орналасқан, жиектері бүтін. Гүлдері үсақ, масақ тәрізді гүлшоғырын құрады. Жемісі эллипс тәрізді, қостұқымды қорапша.

Шығыс Закавказьеде, Түркменияда өседі. Қазақстанда кездеспейді. Таудың етегінде өседі.

Дайындалуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүргелі бақажапырақ шөбін өсімдік гүлдеген кезде жинайды, орып алады да, жинап кейінгі 24 сағаттың ішінде зауытқа жібереді. Ұрықтарын жеміс піскенде жинайды. Шөбін орып алады да, кептіріп, бастырады. Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:

Өсімдіктің жер үсті бөліктері бұтақталған, жапырақталған, мамық басқан ұзындығы әртүрлі сабақтардан тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 7 см-ге дейін, жиектері бүтін, қарама-қарсы орналасқан, ұзынша келген, гүлдері үсақ. Шөптің түсі сұрғылт-жасыл. Иісі жоқ, дәмі сәл ашылау. Ылгалдығы 70%-дан кем болмау керек. Табиғи түсін өзгерткен шөптің бөліктері 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспарлары 2%-дан артпау керек. Минералдық қоспарлар 1%-дан артпау керек.

Дәндері ұзынша-сопақтау, қайықша тәріздес, ішіне қарай қайырылған. Бір жағы дәңес, екінші жағы ойық. Дәндер жылтыраған, тегіс. Ұзындығы 1,7-2,3 мм, ені 0,6-1,5 мм. Иісі, дәмі жоқ.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шөбінде шырышты заттар, терпеноидтар мен флавоноидтар, иілік заттар бар. Дәндерінде шырышты заттар, гликозид аукубин, белоктар, майлар бар.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шөбінде бақажанырақ сөлін алады. Бұл сол антацидті гастриттерде, созылмалы колиттерде қолданылады. Дәндерінің тұндырмасы іш айдайтын препарат ретінде және колиттерде бүркен қаптайтын препарат ретінде қолданылады.