Балқаш ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Балқаш ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Бақанас

Ауылдық округтер саны

15

Ауыл саны

28

Әкімі

Азат Үкітайұлы Құтпанбетов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, №64

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°49′19″ с. е. 76°16′04″ ш. б. / 44.82194° с. е. 76.26778° ш. б. / 44.82194; 76.26778 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°49′19″ с. е. 76°16′04″ ш. б. / 44.82194° с. е. 76.26778° ш. б. / 44.82194; 76.26778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1932

Жер аумағы

37,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

28 816[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (93,16%), орыстар (5,03%), корейлер (0,58%), ұйғырлар (0,43%), немістер (0,23%), қырғыздар (0,13%), басқалары (0,44%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040300-040318[3]

Автомобиль коды

05

Балқаш ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Балқаш ауданы

Балқаш ауданы Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бақанас ауылы.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, шығысында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданымен, батысында Жетісу облысының Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Іле, Талғар аудандарымен шектеседі.

Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесікатырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды.

Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы (–13 – 15°С), шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суғармалы егін шаруашылығы қалыптасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі.[4]

1939 1959 1970 1979 1989[5] 1999 2009[6] 2021
 14637 23235 28739 25230 28660 30967 30037 29209

Тұрғындар саны – 30747 (2019).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 28 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[7]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақдала ауылдық округі 1761 1911 108,5 892 968 108,5 869 943 108,5
Ақжар ауылдық округі 1024 1051 102,6 523 536 102,5 501 515 102,8
Ақкөл ауылдық округі 1261 1088 86,3 658 565 85,9 603 523 86,7
Бақанас ауылдық округі 5461 6689 122,5 2679 3325 124,1 2782 3364 120,9
Бақбақты ауылдық округі 4048 3961 97,9 2002 2033 101,5 2046 1928 94,2
Балатопар ауылдық округі 1957 1609 82,2 977 827 84,6 980 782 79,8
Береке ауылдық округі 1802 1643 91,2 923 857 92,8 879 786 89,4
Бірлік ауылдық округі 2206 1893 85,8 1098 943 85,9 1108 950 85,7
Желтораңғы ауылдық округі 1761 1519 86,3 900 778 86,4 861 741 86,1
Жиделі ауылдық округі 1530 1348 88,1 784 719 91,7 746 629 84,3
Көктал ауылдық округі 1372 1084 79 710 575 81 662 509 76,9
Қараой ауылдық округі 1998 2025 101,4 1035 1048 101,3 963 977 101,5
Құйған ауылдық округі 1423 1135 79,8 721 579 80,3 702 556 79,2
Миялы ауылдық округі 1128 1089 96,5 581 563 96,9 547 526 96,2
Топар ауылдық округі 1305 1164 89,2 680 613 90,1 625 551 88,2
ЖАЛПЫ САНЫ 30037 29209 97,2 15163 14929 98,5 14874 14280 96

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]