Ақ өлең

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақ өлең, ұйқассыз өлең – әлемнің бірқатар халықтары әдебиетінде кездесетін қалыпты ұйқассыз өлең үлгісі. Ағылшын тіліндегі blank (“ұйқасты өшіру, жоғалту”) сөзі, француз тіліне blanch (”ақтау”) мағынасында қате аударылуынан орыс тіліне француз тілінен “Белый стих” болып аударылып, қазақ әдебиеттану ғылымына орыс тілі арқылы сол атауымен енген. Сырттай қарағанда, ұйқаспаған сияқты көрінгенмен, мүлде ұйқассыз да емес, бірақ ұйқасы шумақтың немесе тармақтың кез келген тұсында тұра береді. Оқырманның сезіміне әсер ету үшін кейде ұйқас түйдектері де кездесуі мүмкін.[1] [2]

Ең көне Ақ өлең үлгілері 5-9 ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінде (Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері), қазақтың шешендік сөздерінде кездеседі. Ақ өлең драматургия жанрында жиі қолданылған. Оның тамаша үлгілері У.Шекспир (“Король Лир”, “Гамлет”), А.С.Пушкин (“Борис Годунов”), А.К.Толстой (“Иван Грозныйдың өлімі”, “Федор Иванович патша”, “Борис патша” драмалық трилогиясы) шығармаларында бар. Қазақ драматургиясында М.Әуезов (“Айман — Шолпан”, “Бекет”), Ғ.Мүсірепов (“Ақан сері — Ақтоқты”), Ә.Тәжібаев (“Көтерілген күмбез”, “Жомарттың кілемі” ), Ә.Кекілбаев (“Абылайхан”) қаламгерлер ақ өлең үлгісін сәтті қолданды. Лирикалық өлеңдерде ақ өлеңнің ұйқасқан және ұйқаспаған жолдары араласып келеді. Силабикалық жүйеге жататын қазақ өлеңінің ұйқас қорының молдығына, бунақ, буын, тармақ, шумақтардың өзара үйлесуге аса икемділігіне байланысты Ақ өлең төл поэзиямызға еркін ене алмады.

Ежелгі қазақ поэзиясында ұйқассыз өлең аз болғандықтан, ол шын мәнінде өлең деп танылмаған. Бірақ шешендік сөздердің кейбір үлгілері ақ өлең түрінде айтылған. Жазба әдебиетте ол драма жанрында дамыды. Өйткені кейіпкердің аузына орамды сөз, дауыс екпініне жігерлері ырғақ, бай интонация беруге қолайлы. Қазақ драматургиясына ақ өлеңді Әуезов енгізіп, тұрақтандырды. Мысалы, «Бекет», «Бесдос», «Айман - Шолпан» драмаларында ақ өлең молынан кездеседі. Ал «Қара қыпшақ Қобыланды» драмасы бастан-аяқ ақ өлең түрімен жазылған:

Асау жолын адастырған шак екен,
Жылағанды іздесем,
Жетіскенгетап екем...
Аямасқа ауырған
Ақ семсерді адасып,
Айға білеп жүр екем.
Айыпетпеайсүлу,
Мен келместей жол екен...

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8