Ақбас еменшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ақбас еменшөп
Teucrium polium subsp. capitatum
Teucrium polium subsp. capitatum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Ajugoideae
Тегі: Teucrium
Түрі: T. polium
Екі-есімді атауы
Teucrium polium
Карл Линней
Синонимдері
  • Teucrium capitatum L.

Ақбас еменшөп (лат. Teucrium polium) – ерінгүлділер тұқымдасы, еменшөп туысына жататын шала бұта.

Қазақстанда тек Маңғыстаудың құрғақ төбелерінде, сазды және тасты тау баурайларында, шөгінді жерлер мен құм шеттерінде өседі.

Ботаникалық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 5 – 30 см, кіндік тамырлы өсімдік. Сабақтары түп жағынан көтеріліп өсіп, жоғарылаған сайын сыпыртқы немесе қалқан тәрізді бұтақтанып кетеді. Жапырақтары таспа не қандауыр тәрізді, ұзындығы 0,5 – 3 см, ені 1,8 мм-дей.

Тостағанша жапырақшалары қысқа түтікті қоңырауға ұқсас, сыртын қалың ақталшықтар жапқан, жолақты. Күлтесі тостағаншадан ұзындау, сырты талшықты-жалбырақ. Аталықтары гүлден сәл қылтиып шығып тұрады. Гүлдері ақшыл не сарғыш түсті, жалған күлтебас гүлшоғырына топталған. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді.

Ақбас еменшөптің таралу аймағы өте аз болғандықтан Маңғыстау облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы